15:29, 27 Қараша 2009 | GMT +5
Қызылорда облысында 6 жасар бала суға батып кетті
АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Арал ауданында абайсызда 6 жасар бала арна суына батып кеткен,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше күндіз Ақбұлақ елді мекенінде орын алған. Сәбидің денесін судан құтқару қызметінің мамандары іздестіруде.