Қызылорда облысында 89,5 млн теңгенің жобалары мақұлданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада аймақтық үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы алғашқы отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 89,5 млн теңгенің жаңа жобалары қолдау тапты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында 89,5 млн теңгенің жобалары мақұлданды

Кәсіпкерлер жобаларын өндіріс саласында жүзеге асыруға ынталы. Қолдау тапқан 6 жобаның 5-уі - тамақ өндірісі бағытында. Ал 3 жоба ауылдық жерде жүзеге асырылады.

Айта кетерлік нәрсе, ауылда жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ҮИИДБ аясында экономиканың өндірістің басым секторында жүзеге асатын жобалар бойынша несиенің пайыздық үстемесінің мемлекет 10% субсидиялайды. Екінші деңгейлі банктерден алған несие қаражатына жеке кәсіпкерлік субъектілері бизнесін дамыту үшін айналым қаражатын толтыруға және қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсайды.
ЖК «Нұғманова Б.», ЖК «Пасынкова Н.», ЖК «Ай-Диль» және «МеаПрим» ЖШС компаниялары кепіл мүліктің жетіспеушілігі мәселесін «Даму» қорының жобаларды кепілдендіру құралы аясында шешті. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау асында 85%-ға дейін кепілдеме берілді.