Қызылорда облысында 9 мыңнан астам көп балалы ана бар
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі күнге олардың 5570-і ғана наградаға құжат рәсімдегенін мәлімдеді. Түсіндірме жұмыстарының кемшіндігінен ауылдардағы аналар мемлекеттік награданың жаңа тәртібінен бейхабар. Облыс бойынша марапаттауға ұсыныс қаңтардың ортасынан бастап келіп түскен. Нәтижесінде ҚР Президентінің жыл басындағы алғашқы Жарлығына облыстан бір ғана сырдариялық іліккен. Мемлекет басшысының екінші Жарлығында қызылордалық аналар бар. Олардың марапаттаулары сегізінші наурызға дейін жеткізіледі. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелеріне ай сайын 8 мың 478 теңге төленеді. Құжаттарды тағайындау барысында Қазалы, Сырдария аудандары мен Қызылорда, Байқоңыр қалалары бірқатар кемшіліктерге жол берген. Наградтау құжаттары талаптарға сәйкес толтырылмай кері қайтарылған. Арал ауданы 1236 көпбалалы ананың 357-сінің ғана құжатын рәсімдеген. Сондай-ақ рәсімдеу жұмыстарын Жалағаш ауданы - 55 пайызға, Жаңақорған ауданы - 59 пайызға, Қармақшы ауданы - 73 пайызға, Сырдария ауданы - 84 пайызға, Шиелі ауданы - 86 пайызға, Қазалы ауданы 87 пайызға орындаған.