Қызылорда облысында әлеуеті төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жақсы жолға қойылған

ЗЫЛОРДА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында соңғы кездері әлеуеті төмен тұрғындарға әлеуметтік тұрғыда көмек көрсету жақсы жолға қойылып келеді, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Халықтың әл-ауқатын нығайту мақсатында жұмыспен қамту жөнінде арнайы бағдарлама қабылдап, оны жүзеге асыру Елбасының биылғы Жолдауында тапсырылған болатын. Осыған орай Үкімет «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын қабылдады. Қазір оны жүзеге асыру мақсатында жергілікті жерлерде кең көлемдегі жұмыстар қолға алынуда.

Бағдарламаны іске асыруға бағытында Қызылорда облысында 8 орталық жұмыс жасап отыр. Олар бағдарламаның үшінші бағыты бойынша азаматтарды экономи­калық әлеуеті төмен елді мекендерден экономи­калық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында жұмыс жүргі­зу­де. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, осы мақсатқа 772,4 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға 520 адамды жұмыс­пен қамту және оларды тұрғын үймен қамта­масыз ету ісі жүзеге асырылмақ. Осы орайда 280 адамға облыс аудандарынан 70 үй және Қызыл­­орда қаласынан 240 адамға бір 60 пәтерлік тұрғын үй салу жоспарланған.

Азаматтарды және олардың отбасы­ла­рын болашағы жоқ жерлерден көшіріп әкелу үшін де 7,4 млн. теңге субсидия да қа­ралған. Қоныс аударушыларға бері­летін бұл қаржыны ар­найы құрылған ко­миссия өз тәртібі бойынша бөліп береді. Жалпы, осы комиссияның жүйе­лі жұ­мыс істеуінің арқасында бүгінде облыс­тың Арал, Қазалы, Қармақшы және Жа­ла­ғаш аудандары бойынша экономи­калық даму әлеуеті төмен 20 ауылдық елді мекен анықтал­ды. Осы елді мекен тұр­ғындары­мен жүргізілген жұмыстар бары­сында 39 отбасы қоныс ауда­руға ниет білдірген. Биыл 39 үйдің құрылысы басталып, оның Арал және Қазалы ау­дандарындағы салы­нып жат­қан 9-ы енді бірер күнде пай­дала­нуға беріл­мек. Оларға көшіп ке­летін 9 отба­сындағы 39 адамға 522,4 мың теңге субсидия бөлінді. Қар­мақшы ауданындағы Шобанқазған және Кекі­релі елді мекендерінен Кө­мекбаев ауыл­дық округіне қоныс ауда­ратын 30 отба­сындағы 175 адамға 1 млн. 549 мың теңге көле­мінде субсидия төленбекші. Сондай-ақ, осы бағдарламаға сәй­кес Қы­зылорда қаласын­дағы құрылысы биыл басталған 60 пәтерлік тұр­ғын үй де келесі жылы пайдалануға беріле­ді.

Жалпы, әлеуеті төмен елді мекендер­ден кө­шіп келетін отбасылары мүшелерін «Жұмыс­пен қамту-2020» бағдарламасы­на сәйкес жұ­мысқа орналас­тыру мен мамандығы болма­ған жағдайда кәсіптік оқуға жолдау және ша­ғын несие беру арқылы өз ісін ашуға ық­пал жасау се­кілді істер қазірдің өзінде қолға алынған. Айналып келгенде, мұның барлығы алыс ауылдардан көшіп келушілердің жаңа ортаға тез бейімделіп кету мақсатындағы жасалып жатқан шаралар екені белгілі. Ол өзінің түпкілікті нәтижесін береді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар