Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы зор ғимараттар құрылысына 17,2 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Биыл Қызылорда облысында 3 әлеуметтік, 2 коммуналдық шаруашылық, 1 білім беру ғимараттары мен денсаулық және мәдениет саласы бойынша әрқайсысында 11 жаңа нысандар бой көтермекші.
Сонымен қатар 9 тұрғын үй мен «Бизнестің жол картасы-2020» және "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламалары аясында бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілмекші. Әлеуметтік маңызы зор жаңа ғимараттардың құрылыс жұмыстарына барлығы 17,2 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр.
Жалпы, өткен жылы облыстық құрылыс басқармасына құрылыс нысандарын салуға және жобалауға 17,7 млрд. теңге қаралған. Оның 12,3 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, қалған бөлігі жергілікті қазынадан.