Қызылорда облысында әйелін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімімен азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қызылорда облысында әйелін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы У. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, 2015 жылдың 12қыркүйек күні, «орта» дәрежелі масаң күйінде, өз үйінде, әйелі П.-ның мазасын алып, балағат сөздер айтқан, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы У. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.