Қызылорда облысында биыл 3 млрд. 700 млн. теңгенің индустриялық-инновациялық жобасы игеріледі

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық жобасына сәйкес 3 млрд. 700 млн. қаржы игерілуі жоспарланып отыр.
None
None

Дегенмен, бұл мемлекеттің нақты жобалар бойынша бизнесті ынталандыруға бөлген қаржысы емес. Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша биыл еліміздің екі қаласы мен облыстарының индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруға 14 млрд. теңге беріледі. Бұл қаржы облыстарға халқының санына қарай бөлінеді. Осы тұрғыда Қызылорда облысына тағы 571 млн. теңге қаралған. Өз кезегінде осы қаржы банк несиелерінің ставкаларын субсидиялауға, несиелерге кепілдікке, экспортқа жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға, импорт алмастыруға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар