17:43, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында биыл негізгі капиталға салынған инвестиция 67343 млн. теңге болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі облыста 67343 млн. теңгені құрады.

Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 72,6 пайызға артық. Сонымен қатар, дәл осы кезеңде облыстағы бөлшек сауда тауар айналымы 22195,3 млн. теңгені маңайлап тұр. Облыста алғашқы бес айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 305541 млн. теңгені құрады. Ал ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4634,5 млн. теңгені шамалады.