Қызылорда облысында бұқаралық спортпен айналысушылар жалпы халықтың 14,4 пайызын құрайды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -Қызылорда облыстық туризм, денешынық­тыру және спорт басқармасының бас­тығы Садық Мұстафаевтың мәліметінше,
None
None

осыдан екі жыл бұрын аймақта бұқаралық спорт­пен айналысу­шы­лар мөлшері бар-жоғы 7,2 пайызды құрап, республикада ең төменгі көрсеткішті еншілеп тұрған екен. Сол көрсеткіш биыл кенеттен 14,4 пайызға дейін жетіп, облыс әлгіндегі көрсеткіш бойынша сегізінші орынға бір-ақ жетіпті.

Қазіргі таңда облыста барлығы 20 спорт мектебі, 1 олимпиадалық даярлау орталығы және спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интер­­нат жұмыс істеуде. Спорт мек­тептерінде спорттың - 21, оның ішінде 17 олимпиадалық түрі қамтылған. Басқарма басшы­сы сонымен қатар 2009 жылы сала бойынша 949 іс-шара өткізіліп, оған 227 мың адам қатысса, үстіміздегі жылдың 6 айында 577 іс-шара өткізіліп, оған 160 мың адам қатысқанын атап өтті. Қазақстан Республи­ка­сы­ның ұлттық құрама команда­ла­­ры­на мүшелікке облыстан 180 спортшы, оның 59-ы - негізгі құра­маға, 75-і жастар және 46-сы жас­өспірімдер құрамасына енген. Ел бірін­шілік­теріне 361 спортшы қатысып, 88 спортшы -бірінші, 94 спортшы - екінші, 160 спортшы үшінші орын­дарға ие болған.

Соңғы жаңалықтар