Қызылорда облысында бұқаралық спортты дамыту үшін биыл 81 млн. теңге қаржы бөлінді

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында биыл бұқаралық спортты дамыту үшін облыстық бюджеттен 81 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл бетбұрыс 2009 жылы басталды.

Қызылорда облысында бұқаралық спортты дамыту үшін биыл 81 млн. теңге қаржы бөлінді

Сол жылы осының алдындағы жылға қарағанда, бұл салаға бөлінген қаржы 2 есеге көбейіп, бұқаралық спортпен айналысушылар саны да айтарлықтай артты.Осыдан үш жыл бұрын өңірде спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 7,2 пайызын құраса, келесі жылы көрсеткіш 14,4 пайызға жетті. Ал биылғы жыл аяғына дайын 20 пайызға жетеді деген болжам бар. Қазіргі кезде осы жұмыстарды үйлестіру үшін аудандардағы елді мекендерде 280 спорт нұсқаушысы бюджет қаржысы есебінен ұсталып отыр.