Қызылорда облысында ірі жол-көлік апатында 5 адам мерт болды, оның 3-еуі - балалар
ТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының «Бесарық-Қандоз» күрежолында болған ірі көлік апатында 5 адам, соның ішінде 3 бала көз жұмып, тағы 4-еуі жарақаттанды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сенбі, 22 қазан күні сағат 14.30-да Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, «Бесарық-Қандоз» күрежолының 2-ші шақырымында «КамАЗ» жүк көлігі мен «Фольксваген» автокөлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан «Фольксвагеннің» 25 жастағы жүргізушісі сондай-ақ, оның жолаушылары - 4 жасар екі балдырған, 8 жасар бір бала мен 24 жастағы келіншек тіл қатпастан сол орында мерт болды. Түрлі жарақаттар алған үш жасар екі бүлдіршін мен 53, 57 жастағы екі әйел ауруханаға жеткізілді.