Қызылорда облысында кәсіпорындардың еңбекақы жөніндегі қарыздары 2 556,1 млн. теңгені құрап отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында өткен жылдың сооңына қарай кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі берешегі 2 556,1 млн. теңгені құрады.
Бұл жайлы облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша белгілі болып отыр. Жоғарыдағы көрсеткіш еңбекақы жөніндегі қарыздардың мұның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға артып кеткенін байқатады. Соның ішінде мерзімі өткен берешек жалпы жалақы төлеу бойынша берешектің 5,7 пайыз деңгейінде қалыптасып отыр. Бұл - 146,4 млн. теңгеге тең.