Қызылорда облысында «қатып қалған» автобустан Өзбекстанның 90-нан астам азаматы құтқарылды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - 18 желтоқсан күні сағат 05.30-да Қызылорда облысының Шиелі ауданында өртке қарсы қызметі

Қызылорда облысында «қатып қалған» автобустан Өзбекстанның 90-нан астам азаматы құтқарылды

(2 адам мен 1 техника) жанар-жағармайы қатып қалған «Вольво» көлігінің жүргізушіне көмек көрсетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сол күні сағат 04.30-да Жалағаш ауданы «Шымкент-Самара» тас жолында РФ-дан Өзбекстанға бет алған автобус сынып қалды. Автобустың ішінде 93 адам болды. Жалағаш ауданы ТЖБ ММ-нің күшімен (3 адам мен 1 техника) автобустың жолаушылары Таң кентінің №118 орта мектебіне жеткізілді.