Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда облысында «Қорқыт ата» қажылық орталығы» салынды

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Өңірлік индустриаландыру картасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында «Қорқыт ата» қажылық орталығы» кешені салынды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап ortcom.kz.

Қызылорда облысында «Қорқыт ата» қажылық орталығы» салынды

Кешен еліміздің Индустриаландыру картасы аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан 4 жобаның бірі болып табылады. Жобаның жалпы құны - 220,0 млн. теңге. «Жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында инженерлік инфрақұрылымға арнап бюджеттен 74,5 млн. теңге бөлінген.

Қорқыт ата бүкіл ғұмырында адам жанының мәңгілігін аңсап, өлімнен қашқан. Ол адамзат жанына жақсылық ұрығын сеуіп, қасиетті қобызымен жылағанды жұбатып, пәни дүниенің жалғандығын паш еткен. Оның қобызы бүгінгі шекті-ыспалы саз аспаптарының атасы боп саналады. Қорқыт Ата келешек ұрпақты дүние-ғаламды сүйе білуге, оны көзінің қарашығындай сақтауға үндеді, табиғатпен біте қайнасып өмір сүріп, оны кейінгі ұрпаққа қаймағы бұзылмаған қалпында жеткізуге шақырды. Түркі тілдес әлемнің туристері кемеңгер данышпанның аруағы алдында бас иіу үшін Қорқыт Ата кешеніне көптеп келуде, деп жазады Zakon.kz.