Қызылорда облысында күріш сорттарын жаңартуға ерекше мән беріле бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Бүгінгі күні Қызылорда облысында күріш өндірісін ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарына ерекше мән беріліп отыр,

Қызылорда облысында күріш сорттарын жаңартуға ерекше мән беріле бастады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылы облыс басшылығының қолдауымен ғылыми-зерттеу  институтының материалдық жағдайын жақсартуға қомақты қаржы қарастырылды.  Қазіргі таңда ғалымдар күріштен өзге бақша өнім­дерінің де жаңа сорттарын өндіріске енгізіп келеді. Өңірдегі басты дақыл - күріштің «Арал-202», «Ару», «Түгіскен-1» деп аталатын аудандастырылған сорттары мен қауынның «Сырдария», «Дәмелі» деген атау иеленген жаңа түрлеріне мемлекеттік тұқым институтының қорытындысы берілді. Сонымен қатар «Арал-4», «Арал-5», «Арал-6» аталатын жаңа күріш тұқымы сынақтан өтуде. Шарт­ты атауы «Түркістан-15» деп бел­гіленген жоңышқаның сортын зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 Биыл аймақ бойынша егілген күріш алқабының жартысынан астамын жергілікті сорт құрайды. Қаржы мәсе­лесі толық шешілсе, институттың бүкіл облысты «Маржан», «Кубань-3» күріш сорт­та­рының супер-элита тұқымы­мен қамтамасыз етуге мүм­кіндігі бар.