Қызылорда облысында мал тұқымын асылдандыру бағытындағы жұмыс көңіл көншітпейді
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында мал тұқымын асылдандыру бағытында жүргізіліп атқан жұмыстар көңілден шықпайды. Бұл туралы жақында облыстық мәслихаттың сессиясында сөйлеген сөзінде облыс басшысының өзі мәлімдеді.
Ол мал тұқымын асылдандырып, түлік басын көбейту міндеті алға қойылып отырғанына қарамастан, жасалып жатқан жұмыстың нашар екенін мойындады. Мысалы, осы мақсат үшін облыстық бюджеттен 25,4 млн. теңге субсидия берілген. Сол ақшаға қазірге дейін небәрі 257 бас сиыр қолдан ұрықтандырылыпты.