Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда облысында мектеп-интернаттың жатақханасы өртенді

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданында мектеп-интернаттың жатақханасы өртенді,

Қызылорда облысында мектеп-интернаттың жатақханасы өртенді

деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға ауданның шалғайдағы шағын Шәкен елді мекеніндегі №134 мектеп-интернатта орын алған. «1 ақпан күні 18.19 сағатта мектептен бөлек орналасқан бір қабатты жатақхана үйінде өрт басталды. Өрт 20.38 -да өшірілді», - делінген ведомство хабарында.

Өртті өшіруге ауылдық округтен 23 адам қатысқан. Олар төтенше жағдайлар бөлімі өрт бөлімшесі келіп жеткенге дейін тілсіз жауды ауыздықтап үлгерген. Соның нәтижесінде өрт құрбандары мен одан зардап шеккен жеке адамдар болған жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі мен оның материалдық залалы анықталып жатыр.