Қызылорда облысында негізгі жұмыстарынан тыс қызметтермен айналысушы кәсіпорындарға 5 млн. 229 мың айыппұл салынды
ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында қазіргі нарықтық қатынастарды желеу етіп, өзінің негізгі жұмыстарынан тыс қызметтермен айналысушы кәсіпорындар кездесіп қалып жүр. Қосымша ақша табудың жолдарын қарастырушы мұндай мекемелер сала жұмысын осылай ақсатып алуда.
Осындай өндіріс орындарының қатарында «Арал су сервис», «Қызылорда су жүйесі», «Су құбыры» МКК және «Қызылорда электр қуатын тарату кәсіпорны» акционерлік қоғамы секілді кәсіпорындар бар. Осындай әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін аталмыш мекемелерге алған табыстарының 10 пайызы мөлшерінде, барлығы 5 млн. 229 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.