Қызылорда облысында өңірге қажетті мамандықтар бойынша 365 түлек әкім грантымен білім алып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Былтырғы оқу жылында облыс бойынша 123 мектеп бітіруші облыс әкімінің оқу грантын иеленсе, ағымдағы жылы әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан талантты 242 балаға облыс әкімінің оқу гранты тағайындалды.
None
None

Қазір барлығы 365 мектеп бітіруші өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында әкім грантымен оқуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының бастығы Наурызбай Байқадамов ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Сонымен қатар, өңірімізде өтетін дәстүрлі Байқоңыр инвестициялық форумы аясында Ресейдің беделді жоғары оқу орындарымен облысымызға қажетті мамандар даярлау бағытында меморондумға қол қойылған болатын. Осындай келісім негізінде Ресейдің бюджеті есебінен 70 бала Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетіне оқуға қабылданды. Сондай-ақ, «Петро-Қазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Айдан-Мұнай», «Қуат Амлон Мұнай» компанияларының есебінен 12 бала білім алуда. Санкт-Петербор мемлекеттік технологиялық университетіне 22 бала Ресейдің бюджеті есебінен және 4 бала мұнай компаниясының қаражаты есебінен оқуға қабылданды. Ресейдің университеттерін таңдаған жастардың келешекте өзіміздің Қазақстанды өркендетуге, экономикаға зор үлесін қосады деп сенімдіміз», - дейді Н. Байқадамов.

Соңғы жаңалықтар