08:04, 05 Қазан 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында өткен айда 8 өрт оқиғасы тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы өртке қарсы қызмет капитаны Айгүл Нұрманованың хабарлағанындай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыс аумағында 8 өрт оқиғасы тіркелген.
Оның мәліметіне қарағанда, өрттің шығуы негізінен тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамауы, сондай-ақ үйде балалардың сіріңкемен ойнап, оларды қараусыз қалдырған ата-аналардың салғырттығынан келеңсіз жәйттерге соқтырған.
Сонымен қатар, биылғы жылдың қыркүйек айында облыс орталығына қарасты аудандар мен елді мекендерде үй, қойма, жанар жағар май бекеті жалын құшағына оранып, түрлі дәрежедегі шығындарға ұшырады.