Қызылорда облысында өткен жылы 774,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 774,9 млрд. теңгенің өнімін өндірген.
None
None

Бұл жерде қайта өндеу өнеркәсібінің көрсеткіші өте жоғары, былтырғы жылмен салыстырғанда, оның өсімі 48,6 пайыздық көрсеткішке ие. Соның ішінде тау-кен өндіру және карьерлер қазу өнеркәсібінде 727135 млн. теңгенің өнімі шығарылған. Шикі мұнай өндіру 11009,7 мың тоннаны құраған. Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 33384 млн. теңге немесе 148,6 пайыздық деңгейде.

Электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы қаржы көлемі 12610 млн. теңгені құрады немесе 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,9 пайыз болды.

Соңғы жаңалықтар