Қызылорда облысында сүт өңдейтін цех іске қосылды

ЗЫЛОРДА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылында «Шө­гірлі» шаруа қожалығының сүт өнімдерін шығаратын цехы іске қосылды.

     Қызылорда облысында сүт өңдейтін цех іске қосылды

Қала тұтынушыларын сүт және сүт өнім­дерімен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Шөгірлі» шаруа қожалығының басшылары «200 бас мүйізді ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы мен шағын сүт өңдейтін цех ашу» жобасын жасаған еді. Бұл жобаға «Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акцио­нерлік қоғамы қолдау білдірді. Сөйтіп, «Шөгірлі сүт» ЖШС кәсіпорны құрылды.

Жалпы, бұл инвестициялық жобаның құны 102 млн. теңге. Бұл соманың 28 млн. теңгесін корпорация бөлсе, 74 млн. теңгені қожалықтың өзі шығарды. Айта кету керек, қожалық бұған дейін Жаңақорған ауданында сүт өнімдерін шығаратын кіші зауыт ашып, жұмыс істеді. Ол ауданның тұрғындары мен денсаулық, білім мекемелерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етті. Осындай тәжірибесі бар қожалық бар-жоғы бір жылдың ішінде қала іргесінен сондай тауарлы сүт фермасы құрылысын салып, өнім өндіретін цех ашты. Кешенді түрде жүргізілген бұл жобаның аясында малды бағып, күтуге қажетті барлық жағдайлар қарастырылған.