Қызылорда облысында төрт айда 35 мың жол ережесі бұзылған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың мамыр айының 28-30 күндері аралығында облыста «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
None
None

Бұл шара өңірдегі жол-көлік оқиғаларын азайту және жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, жол бойында орын алған апаттарды және көлік құралдарын мас күйде басқару деректерін анықтау, жылдамдықты асыратын құқық бұзушылықтардың жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыруға көңіл бөлінді.

Жол-көлік оқиғаларына себеп болатын өрескел құқық бұзушылықтардың бірнеше бағыттары бойынша жұмыс атқарылып, түнгі рейдтер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, көлікті мас күйде басқару, қозғалыстың жылдамдығын асыру, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін қолдану мен ұялы телефонмен сөйлесуді бақылауды күшейту сынды шараларды ұйымдастырды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жедел профилактикалық іс-шараның екі күнінде 1125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде көлікті мас күйінде айдаған 25 жүргізушіге және қауіпсіздік белдігін тақпаған 266 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Ағымдағы жылдың 4 ай көлемінде облыс аумағында барлығы 35 мыңнан астам жол қозғалыс ережесін бұзу дерегі анықталса, оның ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарының жүргізушілеріне 545 әкімшілік хаттама толтырылған.

Соңғы жаңалықтар