Қызылорда облысында тұтыну рыногының бағалары қымбаттай бастағаны байқалады
ҚЫЗЫЛОРДА. 6 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, осы жылғы қазан айының тұтыну рыногының бағалары өткен аймен салыстырғанда, біршама қымбаттай түскені байқалады.
Нақтылай айтқанда, азық-түлік тауарларының бағалары -101,2, азық-түлік емес тауарлар құны - 100,7, ақылы қызмет түрлері 100,8 пайызға өскен. Ал азық-түлік тауарлары ішінде жармалар бағасы - 10,8 пайызға, соның қатарында қарақұмық - 15,6 пайызға, май мен тоң май - 3,7 пайызға, жұмыртқа - 3,5 пайызға, шұжық өнімдері - 2,1 пайызға, ет және ет өнімдері , ұн бағасы - 1,4 пайызға, көкөніс пен жеміс-жидек 1,8 пайызға қымбаттаған. Мұның есесіне күріш бағасы ғана 3,5 пайызға төмендеген.