Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
1964 жылы салынған ескі мектепте білім алған түлектерге арналған соңғы қоңырау салтанаты жаңа білім ордасының ашылуымен қатар өтті. Мұндағы спорт, акт залдары, асхана уақыт талабына сай салынған. Алыс шалғай ауылдарда тұратын мектеп оқушылары үшін 30 орындық интернат та қарастырылып отыр. Сондай-ақ 50 оқушыға арналған жазғы тынығу лагері ұйымдастырылып, 20 бүлдіршінге арналған шағын орталық өз жұмысын бастамақ.
Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауыл тұрғындарын жаңа білім шаңырағының ашылуымен құттықтады. Мектеп ұжымына аймақ басшысы интерактивті тақта, түрлі-түсті телевизор тарту етті.
Айта кетер жайт, биылғы жылы Қызылорда облысында 7755 түлек мектеп бітіреді.