Қызылорда облысында жаңадан орнатылатын 9 ескерткіштің нобай-жобалары Мәдениет министрлігіне жолданды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облыс әкімінің міндетін атқарушы Ырзақұл Нұртаевтың төрағалығымен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
None
None

Отырыстың талқылауына қоладан немесе мәрмәрдан соғылатын бірқатар ескерткіштердің нобайлары мен жобалары ұсынылды. Атап   айтқанда, Жанқожа батыр Нұрмұхаммедұлына, теолог және философ Мүсірәлі сопы Жәдікұлына, қазақ әдебиетінің классигі Әбділдә Тәжібаевқа, шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаевқа, Сыр сүлейлерінің бірі Бұдабай Қабылұлына, Алпамыс батырға, Бегім анаға, Қалжан ахунға, жазушы Жақсылық Түменбаевқа қойылатын ескерткіштердің жайы кеңінен сөз болды.

Нәтижесінде комиссия аталмыш тұлғаларға қойылатын ескерткіштердің жобаларын Мәдениет және ақпарат министрлігіне бекіту үшін жолдау жөнінде шешім қабылдады.          

Соңғы жаңалықтар