Қызылорда облысында жас көшбасшылардың туристік слеті ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында облыстық жас көшбасшылардың туристік слеті ашылды.
Аймақ жас толқыны лидерлерінің бұл форумын облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық спорт және туризм басқармасы ұйымдастырды. Ол биылғы жылы облыс әкімі, облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығы және «Игілік» корпоративтік қоры арасында қол жеткізілген үшжақты меморандумның негізінде мүмкін болды.
Туристік слеттің мақсаты облыстағы спорттық туризмді жандандыру және дамытуға ықпал жасау, денешынықтыру мәдениетін дамытуға үлес қосу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашу болып табылады.
Қаратау бөктерінде өткен туристік слетке облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық төтенше жағдайлар басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының өкілдері, облыстың белсенді жастары және барлық ауданның жастар қоғамдық бірлестіктері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.