Қызылорда облысында жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісінің көлемі 641 млрд. 546 млн. теңгені құрады

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің ұсынған мәліметіне қарағанда, үстіміздегі жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында аймақта өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 641млрд. 546 млн. теңгені құраған.

Қызылорда облысында жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісінің көлемі 641 млрд. 546 млн. теңгені құрады

Бұл 2009 жылғы қаңтар-қазандағыдан 1,0 пайызға артық. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игерудегі өсім 0,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде өсім 58,9 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауды беруде 11,4 пайызға жеткен.