08:34, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында жыл басынан бері жүк тасымалының ауқымы артқаны байқалады
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Үстіміздегі жылдың басынан бері Қызылорда облысының халық шаруашылығы саласында жүк тасымалының артқаны байқалып отыр.

Атап айтқанда, есеп беріліп отырған кезеңде облыстағы жүк айналымының көлемі 2,2 млрд. тонна шақырымды құраған. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен қарастырғанда биыл оның өсімі 0,4 пайыз артық екенін білдіреді.