Қызылорда облысында жылына 100 тонна мұнай өнімдерін өндіретін зауыт салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қармақшы ауданының Жосалы кентінен жылына 100 тонна мұнай өнімдерін өндіретін зауыт салынбақ. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов жылдық қорытынды есебінде мәлімдеді, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қызылорда облысында жылына 100 тонна мұнай өнімдерін өндіретін зауыт салынады

Сондай-ақ биыл ауданға көгілдір отын жеткізу жұмыстары басталады. Төребай би, Ақтөбе және Тұрмағамбет ауылдық округтерінде құс өсіру, Қармақшы ауылында қой шаруашылығын өркендету жұмыстары іске асырылады. 

Жиын барысында Сұлтан Мақашов ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы мақсаттарға кеңінен тоқталды.