Қызылорда облысындағы балалар бақшаларында 16 459 бүлдіршін тәрбиеленуде
ЫЛОРДА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысындағы балалар бақшаларында қазіргі таңда 16 459 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Бұл 1-6 жас аралығындағы балдырғандардың 40 пайызын қамтиды.
Осыншама бала аймақтағы 164 балалар бақшасында, 34 шағын орталықта тіркелген. Биылғы жылы сонымен қатар Қызылорда қаласы Тасбөгет қыстағында 320 орындық, Титов қыстағында 280 орындық, СПМК-70 шағын ауданында 280 орындық балалар бақшаларының құрылыстары жүруде. Олардың бәрі республикалық бюджеттің есебінен салынуда. Сол сияқты облыс бюджеті есебінен 360 орындық 4 санаториялық балалар бақшасы және Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында 90 орындық балабақша салынатын болады.