Қызылорда облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды бастап кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды бастады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтың жаңа басшысының алғашқы қабылдауына келгендердің арасында қатардағы қарапайым еңбек адамы мен зейнет жасындағы қариядан бастап, бүгінгі таңда бюджет саласында қызмет етіп жүргендердің көптеген өкілдері болды. Келушілер кездесу кезінде өздерінің жеке мәселелері туралы ғана айтып қоя салған жоқ, өңірде соңғы 4-5 жылдың ішінде қордаланып жиналып қалған көптеген өзекті мәселелер туралы өз пікірлерін білдірді. Айтатыны жоқ, облыс халқының басым бөлігі ұзақ жылдар бойы ел басқару ісіне белсене араласып, бұған дейін үш рет министрдің орынтағында отырып көрген, екі облысты басқарған жаңа әкімнің осы проблемаларды оңынан шеше алатынына зор сенім білдіріп отыр.
Кездесулер мен қабылдау кезіндегі әңгімелер осыны байқатады.