12:49, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қызылорда облысының әкімі «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы болып сайланды
ҚЫЗЫЛОРДА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кезекті ХІ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.

Оны филиал төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов жүргізді.
Конференцияға «Нұр Отан» ХДП хатшысы Эльдар Сыздықов, облыс әкімі Болатбек Қуандықов, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, ҮЕҰ өкілдері, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты. Онда саяси кеңес және бақылау-тексеру комиссиясының 2011-2012 жылдардағы жұмыстары жөнінде баяндамалар тыңдалды. Содан соң жарыссөз басталып, делегаттар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Конференцияда «Нұр Отан» ХДП хатшысы Э.Сыздықов облыстық партия филиалының төрағалығына облыс әкімі Б.Қуандықовты ұсынды. Ұсыныс делегаттар тарапынан қолдау тапты.
Конференция соңында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының жаңа құрамы сайланды