Қызылорда облысының әкімі орнында қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов өзінің орнында қалды.
Ол жаңа ғана облыстық әкімдікте өткен облыс активі жиналысында белгілі болды. Осы жиында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин Елбасының Болатбек Қуандықовты Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлығын таныстырды.