Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілерінде 65 мың адам жұмыс жасайды
sp;ҚЫЗЫЛОРДА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгінгі таңда аймақта шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарында 65 мыңнан астам адам жұмыс жасап отыр.
Олар 14689 субъектіге тіркелген. Жыл ішінде бұл сала 180,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Саланы несиелендіру 10,3 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметі.
Өткен жылы облыста Индустрияландыру картасына енгізілген 11 инновациялық жоба жүзеге асты. Олардың қатарында асфальт және қиыршық тас, газ өңдеу зауыттары мен құрылыс, мал шаруашылығы кәсіпорындары бар. Жобаларды іске қосу арқылы өңдеу өнеркәсібі соның алдындағы жылға қарағанда 48,6 пайызға өсіп, салынған инвестиция көлемі 2 есеге артты.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде субсидиялау үшін 4 жоба, кепілдендіру үшін 2 жоба қолдау тапса, индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша өнеркәсіп алаңы, индустриялық аймақ және Қамбаш демалыс аймағы жобаларына жоба-сметалық құжаттар жасалды. Соның ішінде Қамбаш көлі жағасындағы демалыс аймағының жол құрылысына 42 млн. теңге бөлінді.