07:22, 18 Қазан 2016 | GMT +5
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше актив отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестеріне Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысын таныстырды. Бұл қызметке Мұрат Тілеумбетов тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Мұрат Жолкелдіұлы 1963 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» тресінің жұмысшысы ретінде бастаған. 1985-2010 жылдар аралығында облыстағы құрылыс мекемелерінде басшылық қызметтер атқарды. 2010-2013 жылдары «Оңтүстік» мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша өңіраралық филиалының басшысы болды. 2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.