Қызылорда облысының жаңа басшысы өңірдегі мұнай компанияларының басшыларымен кездесті
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кеше өңірдегі мұнай компанияларының басшыларымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауда «Саут ойл» ЖШС президенті Серікжан Сейітжанов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры Медет Кәрім, «ҚОР» ҰК» ЖШС бас директоры Марат Нұрпейісов, «СиБу» инженерлік-бұрғылау компаниясы ЖШС директоры Сюй Чаошань болды.
Әңгіме барысында аталмыш құрылымдардың басшылары облыс әкіміне өздерінің құрылымдары жайлы мәліметттер бере келіп, алда тұрған міндеттері туралы айтып берді.