Қызылорда полицейлері бір күнде есірткіге қатысты бес оқиғаның алдын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жүргізілген жедел-алдын алу іс-шаралары аясында ішкі істер қызметкерлері бір күнде 5 бірдей құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None
«2013 жылғы 1-5 қазан аралығында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау арналарын жабуға бағытталған есірткіге қарсы операциялар өткізілуде. Осы іс-шараға Қызылорда полицейлері белсене қатысып, бүгінде бірнеше есірткі тасымалының жолын кесті. Айталық, қазан айының 3-і күні Қызылорда ОІІД қызметкерлері бір күні ішінде есірткі бизнесіне қатысты 5 құқық бұзушылықтың алдын алды», - делінген хабарламада. Тарқатып айтсақ, 3 қазанда «Құмкөл- Қызылорда» тас жолының 25-шақырымында полиция қызметкерлері «Газель» автокөлігін тоқтатып тексерген. Тексеру барысында осы көліктің жолаушысының қалтасынан ақ түсті қағазға оралған шөп тәріздес ерекше иісі бар зат алынған. Сараптама нәтижесі бойынша ол заттың кептірілген сора екендігі анықталған. Полиция қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолының бойында бір автокөлікті тоқтатып тексергенде, жүргізуші көйлегінің астыңғы етегіне жасырылған шөп тәріздес зат алынған. Сараптама қорытындысы бойынша оның 2,04 гр марихуана екені белгілі болған. Аталған іс-шара аудандарда да нәтижелері жұмыстармен айқындалуда. Ал Қазалы АІІб-нің қызметкерлері аудан орталығында қалтасына 0,61 гр марихуана салып жүрген азамат ұсталды. Сырдария ауданының тұрғыны үй ауласындағы бақша ішінде 139 түп жасыл түсті есірткі еккен. Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері дәл осы күні «Шымкент-Самара» тас жолы бойында «Фольксваген-Гольф» автокөлігінен сора өсімдігін тапты. «Аталған жедел-профилактикалық іс-шара ертеңгі күнгі жұмыспен қорытындыланбақ. Бірақ есірткі бизнесінің жолын кесудегі жұмыстар мұнымен тоқталмайды», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар