Қызылорда полицейлері екі күннің ішінде мыңға жуық контрафактілік дискілерді тәркіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда полицейлері екі күннің ішінде мыңға жуық контрафактілік дискілерді тәркіледі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда полицейлері екі күннің ішінде мыңға жуық контрафактілік дискілерді тәркіледі

«Қызылорда ОІІД қызметкерлері «Контрафакт» профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында облыс көлеміндегі сауда орындары мен дүкендерді тексеру барысында сапасы лицензиялық өнімге сәйкес келмейтін контрафактілік дискілерді сатудың 10 фактісін анықтады», - делінген хабарламада.

Екі тәулік ішінде жүргізілген шара барысында мыңға жуық дискілер тәркіленіп, аталған оқиғалар бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.