Қызылорда полицейлері Сырдарияға ағып кетпек болған астаналық қызды аман алып қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Полицейлердің қырағы жұмысының нәтижесінде Сырдария өзеніне секіріп, өз өзіне қол жұмсамақ болған 1991 жылы туған Астана қаласының тұрғыны құтқарылды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Бірінші сәуір күні әкімшілік аумақ көлемінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан полиция қызметкерлері, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Дәурен Ибатаев, ЖППБ-ның саптық бөлінісінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Мақсут Желдербаев, ЖППБ-ның саптық бөлінісінің полицейі полиция аға сержанты Қуаныш Жусипов суға секірген қызды көреді. Дереу полиция жасағын шақырып, өздері азаматшаны құтқару мақсатында суға сүңгіп кетеді. Азаматшаны судан аман алып шыққаннан кейін алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылады. Полиция қызметкерлерінің де, азаматшаның да хал-жағдайы қанағаттанарлық.

Қазіргі таңда азаматшаның бұл қадамға бару себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар