Қызылорда: Төтенше жағдайлар департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты семинар өткізді
ҚЫЗЫЛОРДА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттық семинар өткізді.
Жиында әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, рұқсат беру құжаттарын қысқарту, үдемелі иновациялық бағдарлама тақырыптары бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз негізделмеген тексерулерге жол бермеу, тексерудің мониторингін жүргізу мәселелері қамтылды. Оған Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар департаменті және қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мамандары қатысты.
Семинарда сөз алған төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы нормалау бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Б.Рахметуллаев жерді белгілеу актілері, құрылыс жобалары, мемлекеттік қабылдау комиссиясына қатысты баяндама жасады. Осы басқарманың бас маманы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты А.Ермағамбет 2011 жылдың 12 айында атқарған жұмыстар көрсеткіштеріне шолу жасады. Қала прокурорының аға көмекшісі Б.Үсенов «Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру және заң бұзушылықтардың алдын алу жөнінде» әңгімеледі.
Соңынан семинарға қатысушы кәсіпкерлер мемлекеттік орган тарапынан шағын орта бизнеске қолдау көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды нығайту туралы өзара пікір алмасты.