Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда жылу электр орталығында биіктіктен құлап, жұмысшы мерт болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда жылу электр орталығының қазандық цехынан биіктіктен құлап, жұмысшы қаза тапты.

Қызылорда жылу электр орталығында биіктіктен құлап, жұмысшы мерт болды - ҚР ТЖМ

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Мәлім болғандай, сейсенбі, 20 желтоқсан күні Қызылорда қаласында, Қызылорда жылу электр орталығының қазандық цехын жылылау барысында 15 метр биіктіктен 54 жастағы жұмысшы құлап кетіп, көз жұмды.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойнша ТЖД «ЮРАОСО» ММ-нің 6 адамы мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 2 адамы мен 1 техникасы; ӨР ТЖМ «Апат медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.