Қызылордада Абай Құнанбаевтың туғанына 170 толуына орай жас ақындар мүшайрасы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
None
None

Абай шығармаларын насихаттау, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу мақсатында өткізілген мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 14-25 жас аралығындағы 20-ға жуық ақын қатысты.

Ақындардың өлеңдерін арнайы құрылған сараптама тобы іріктеп, өлеңдеріндегі сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне баса назар аударды. Нәтижесінде, Қазалы ауданынан қатыстан жас ақындар №25 мектептің 10-сынып оқушысы Дина Бөкебай ІІ орын, №91 мектептің 11-сынып оқушысы Елнұр Нұрқасым ІІІ орын және №97 мектептің 10-сынып оқушысы Сәулет Алдасберген арнайы жүлде иеленді.

Соңғы жаңалықтар