Қызылордада «Ақмешіт» бекінісі салынбақ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр бойының бас қаласы Қызылорданың жаңа келбетінің жобасы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен сәулет-қала құрылысы кеңесінде таныстырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Алдымен шаһарға кіреберіс қақпаларын өзгерту жоспарланып отыр. Шиелі бағытында қойылатын қақпа жүк көлігі мен автобустардың жүруіне ыңғайластырылған, биіктігі 15 метр, ені 25 метр. Бұл «Ақмешіт» бекінісі қақпасының көрінісі ретінде жобаланып салынбақшы. Оның екі жағында қоладан құйылған тұлпар орнатылып, орта тұсына «Қызылорда» деп жазылады. Ал қас беті киіз үйдің керегесі, қошқар мүйіз және ұлттық ою-өрнектермен безендіріледі. Төрт жолақты көше абаттандырылып, жарықтандырылады. Сондай-ақ, аялдамаларға өңір тарихынан мағлұмат беретін билбордтар ілінеді. Ал Тереңөзек кенті бағытындағы қақпа шығыс стилінде жасалады. Оның биіктігі 12 метр, ені 18 метр болады. Қақпаның бір бетіне найза мен қалқан екінші бетіне түркі халқының абызы Қорқыт атаның қобызы орнатылады.

Әуежайға баратын жолға сағат орнатылып, «Қызылорда» деген жазуы бар темір құрылымнан жасалған панон орнатылады.

Кеңес отырысында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы негізінде көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеттері жаңартылатынын баяндады. Аймақ басшысы түс таңдағанда облыстың климатын ескеру қажеттігін айтты. Сондай-ақ рәміздер алаңы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта салынады.

Соңғы жаңалықтар