Қызылордада алдағы төрт күнде қатты аяздар күтілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 13-16 желтоқсан күндері қатты аяз болуы ықтимал.
None
None

Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының мәліметіне сілтеме жасап, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Мәселен, алдағы төрт тәулікте түнде облыс аумағында -20-25, кей жерлерде -30 градусқа дейін аяз болады. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларына баса назар аударуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар