Қызылордада алғаш рет мектеп қабырғасында «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылмақ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ықпалымен еліміз бойынша алғаш рет 8-11 сынып оқушыларына арналған 34 сағат көлемінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді.
None
None

Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров Тамыз кеңесіндегі баяндамасында айтты. Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы оқу жылында Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназия базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған 34 сағат көлеміндегі «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді. Облыстың 30 мұғаліміне 72 сағат көлемінде «Кәсіпкерлік және кәсіби бағдар беру негіздері» курсы бойынша біліктіліктерін көтеруге жағдай жасалды. Айта кетейік, бұл бірлескен жұмыс елімізде Қызылорда облысында алғаш рет жүзеге аспақ. Осы орайда облыс әкімдігі мен білім басқармасына алғыс айтамыз. Жыл басында қол қойылған меморандум аясында атқарылған бұл жұмыстар жас ұрпақтың кәсіпкерлікті мектеп жасынан меңгеруіне, жастарымыздың нарық талабына сай мамандық таңдауына ықпал ететіндігіне сеніміміз мол,»- дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Болатұлы.

Соңғы жаңалықтар