Қызылордада ана мен баланың денсаулығы жөніндегі үйлестіру кеңесі бас қосты

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы әкімдігінде ана мен бала денсау­лығын қорғау жөніндегі облыстық үйлестіру ке­ңе­сінің кезекті отырысы болып өтті. Онда жыл басынан бері атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндет­тер нақтыланды.
None
None

Алғашқы болып облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасы басты­ғы­ның ана мен бала мәселелерін қорғау жөніндегі орынбасары Ләйлә Құл­таева­ның хабарламасы тыңдалды. Ха­барламашының атап өткеніндей, бү­гін­де облыста туу көрсеткіші 1,3 есеге ар­тып, жыл басынан бері 11339 нәресте дүние есігін ашқан. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстыр­ған­да өсім байқалғанымен, ана мен бала өлімі жөнінде облыс алдыңғы қатарда келеді. Қазіргі таңда бала туу кезінде 5 әйел өмірден озса, 224 сәби шетіне­ген. Бір килограмм салмаққа жетпейтін нәрестелер саны да көбею­де. Ана өлімінің көрсеткіші Сырдария, Жаңа­қор­ған және Қармақшы ауданда­рын­да жоғары. Сонымен қатар ауылдық округтерде кадр жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналған. Облыста бала дәрігері мен гинеколог мамандар қат. Соңғы мәлімет бойынша 37 акушер-гинеколог пен 52 бала дәрігеріне сұраныс жасалған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу ко­ми­тетінің бас сарапшысы Мағрипа Ем­бергенова тексеру кезінде аудандық ауруханалардағы, қалалық емханалар­дағы орын алған олқылықтарға тоқ­тал­ды. Қармақшы аудандық ауруха­на­сындағы алғашқы көмекке қажетті дәрілер жиынтығы стандарттан шыға­рыл­ған дәрілермен қамтылса, Жала­ғаш ауданындағы жедел жәрдем қызметі алғашқы көмек көрсетудің орнына сырқатты тасумен ғана шек­тел­ген. Күрмеуі көп күрделі мәселелер жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Бай­махановтың түсіндірмесі тың­далды.

Соңғы жаңалықтар