Қызылордада әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қызылордада қысқа мерзімді қызмет ету үшін әскерге шақырылғандарды шығарып салу рәсімі болды.

Қызылордада әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі болды

Салтанатты рәсімге облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Ырзақұл Нұртаев қатысып, сөз сөйледі. Ол Отан үшін қызмет ету әрбір саналы азаматтың абзал борышы екенін айтып, осы сенімді абыроймен ақтауға шақырды. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына жиырма жыл уақыт толады. Мемлекет басшысы, Жоғары Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы арқасында біздің әскеріміз қазіргі таңда ең заманауи қару-жарақтармен жабдықталып, армия жоғары класты мамандармен жасақталған.

Жиында сондай-ақ Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Кұмар Бердалин, запастағы полковник Меңділда Ршауов құттықтау сөз жеткізді.

Кезекті шақырылым бойынша бұл күні өздерінің Отан алдындағы борыштарын өтеуге Қызылорда жерінен елуге жуық жас өрен аттанды.