Қызылордада ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні. Осыған орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Отан үшін от кешіп ерліктің үлгісін көрсете білген жауынгерлерімізді ұлықтау мақсатында «Ерлікке тағзым - ұрпаққа парыз» атты салтанатты жиын өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Шараға ауған соғысы ардагерлері мен университеттің оқытушы-профессорлары, студент-жастары қатысты.

Жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев Отан алдындағы азаматтық борышын адал орындаған сол кездегі өрімдей жас жігіттердің ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге екендігін атап өтті.

Сонымен бірге, облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығы, ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Ерниязов, «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы, ауған соғысының ардагері Хайраддин Баймахановтар сөз сөйлеп, он жылға жуықтаған қасіретті жылдарды ұмыт қалдырмай, ерліктерін бүгінгі ұрпаққа аманаттап, құрмет көрсетіліп жатқанына алғыстарын білдірді.

Салтанатты жиында жастар патриоттық әндер шырқап, Әскери кафедра курсанттары қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен қойылымдар қойды. «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындаулары жиылған қауымға ерекше әсер қалдырды.

Жиынға қатысушылар одан әрі ғылыми-техникалық кітапхананың «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты көрмесін тамашалады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар