Қызылордада автобустарда жол жүру құны ересектерге - 50, оқушыларға 20 теңгеге қымбаттайды

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 мамыр. ҚазАқпарат  - Қызылорда қаласында бұған дейін қиындық туғызып келген жолаушылар тасымалдау қызметінің сапасы артатын болады.
None
None

Бұл жайында қала әкімдігі мәлімдеп отыр.

Жалпы, қазіргі уақытта қалада орта сыйымдылықтағы - 198, кіші сыйымдылықтағы 265 қоғамдық көлік жұмыс жасауда. Алайда, бұл автобустардың ескіруі салдарынан, автобус паркін жаңалау мақсатында "Көлік-Сервис" ЖШС мен "Yutong" компаниясы арасында келісімшарт жасалды. Осының негізінде алдағы маусым айында жаңадан 40 орындық 20 автобус әкелінбек. Бұған қоса қоғамдық көліктерде билеттік жүйені енгізу жұмыстары қолға алынады және автобус жүргізушілері мен кондукторларға арнайы форма алуға 2,5 млн. теңге қаржы қарастырылады.

Әкімдік осындай жұмыстар нәтижесінде жүргіншілер талабы қанағаттандырылатынын айта отырып, осы айда жол жүру құны ересектерге - 50, оқушыларға - 20 теңгеге қымбаттайтынын хабарлады. Алайда осы орайда тағы бір айта кететіні, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі отбасы балаларына жолақы бағасы бұрынғы қалыпта 10 теңге көлемінде қалдыруды ұйғарыпты.

Соңғы жаңалықтар